Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank Қазақстандағы балаларға арналған алғашқы инвестициялық қосымшаны шығарды

Қазақстанда инвестициялық миллионерлердің дәуірі басталған іспетті, жақын арада олардың есімдері мен оқиғалары да белгілі болса, таңғалмаңыз. Бұлай дейтін себебіміз – енді болашақ жас инвесторлар жаңа Jusan Junior  қосымшасының көмегімен тегін түрде инвестициялауды үйреніп, қаржылық сауаттылығын арттыра алады. 

Жас қазақстандықтарға арналған банктің жаңа өнімі 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай іске қосылып отыр. Осы ретте Jusan Junior балалар мен жасөспірімдерге арналған алғашқы инвестициялық қосымша екенін атап өткен жөн. 

“Қазіргі клиенттеріміз бен жас буынды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Балалар – еліміздің болашағы! Ал болашақтың қандай болары біздің балаларға берген тәрбиеміз бен баулыған өнер-біліммен тікелей байланысты. Jusan Invest-тің міндеті – жас таланттардың қаржылық табысына негіз болу. Ол үшін біз Jusan Junior жаңа мобильді қосымшасын іске қосып отырмыз. Бұл қосымшаның көмегімен балалар қаржы мен инвестицияның көп қырлы әлемін қызықты әрі қолжетімді түрде оқып үйрене алады”, – дейді Jusan Invest басқарма төрағасы Максим Кабанов.

Қосымшаның жан-жақтылығының арқасында балалар өз дағдыларын шыңдай түседі. Атап айтсақ, олар қаржы үнемдеуді, жеке бюджетті жоспарлауды, қор нарығында инвестициялауды және алаяқтарды ажыратуды үйренеді. 

“Балалар үшін салауатты орта қалыптастырып, білім алуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар олардың ертеңгі күні қаражатын тиімді басқарып, болашақта ұтымды пайдалана алуы үшін қаржы жинау мен еселеуді үйрету маңызды. Jusan Junior-мен бірге өскелең ұрпақ ақша үнемдеуді, жинауды, еселеуді, табыс тауып және оқып-түйгендерін ата-анасымен бөлісуді үйренеді деген үміттеміз”, – дейді Jusan Invest-тің ірі клиенттермен жұмыс жөніндегі директоры Жамиля Сәрсенбаева. 

Қосымша жас қолданушылардың қызығушылықтарына, сұраныстары мен даму мүмкіндіктеріне негізделе отырып әзірленді. Олар қаржылық сауаттылықты Jusan академиясындағы балаларға бейімделген видео сабақтардан үйренеді. Әр кезеңнен кейін балалар тестілеуден өтеді. Ал оқып-түйгендерін балалар тәжірибе жүзінде түрлі ойындарда пайдалана алады: мұндағы “Миссиялар” бөліміндегі тапсырмаларды орындау арқылы олар түрлі жеңілдіктерге ие болады. Қосымшаны әзірлеушілер тапсырмалар үнемі жаңартылып тұратынын және оны орындағаны үшін берілетін “жетістіктерге” бағалы сыйлық ұтып алуға болатынын айтады. 

“Қосымшаны құрастыру барысында біз қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған барынша сапалы өнім жасау мақсатында балаларды фокус-топтарға шақырғанбыз.  Jusan Junior қосымшасының негізгі функциясы – білім беру, дегенмен мұнда алған біліміңді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретін шынайы құралдар да бар. Яғни теориялық негіздерді тәжірибеде шыңдауға болады. Мұнда демо-ақша деген әңгіме жоқ, балалар барлық операцияларды ересектер секілді жүргізе алады”, – дейді Jusan Invest бөлшек сауда департаментінің директоры Леонид Югай. 

Бұл Jusan-ның қор нарығын қолжетімді ете түскенін көрсетеді. Енді әрбір қазақстандық акцияларды 10 жастан бастап (ата-ананың ресми рұқсаты мен арнайы шот ашылған жағдайда) сатып алып, қайта сата алады.  Балаларға арналған Jusan Junior қосымшасында қор нарығындағы тәуекелі төмен бағалы қағаздар ұсынылған. Алайда бұл мұның барлығы ата-ананың бақылауынан тыс жүзеге асырылады деген сөз емес: ересектер әрдайым балалардың шотын қадағалап, олардың мәмілелерін қабылдап немесе бас тарта алады. 

10 мен 16 жасқа дейінгі балалар үшін балалар қосымшасы қолжетімді, ал 16 жастан асқандар қолданушылар балалардың да, ересектердің қосымшасын пайдалана алады. 

Айта кетсек, Jusan Junior-дың тұсаукесері “60 секундта ойлан, тап” интеллектуалды ойының шынайы форматында өтті. 6 жастан асқан қонақтар Jusan сарапшыларымен бірге білімін сынап, қаржылық сауаттылығын арттырып, уақытты көңілді де пайдалы өткізді. Бұған қоса әрбір қатысушы танымал неміс авторы Бодо Шефердің "Пес по имени Мани" кітабына ие болды. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 “Jusan Bank” АҚ лицензиясы.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  25.06.2021 ж. № 3.2.239/16 “Jusan Invest” АҚ лицензиясы.

Талқылау