Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

JUSAN ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға тез бейімделуіне көмектеседі

Бүгінгі таңда қоғамда балалардың денсаулығындағы ауытқуларына қарамастан кез келген жас жеткіншек білім алуға, өз-өзін жетілдіруге және дамытуға зор мүмкіндік алуда. Еліміздегі инклюзивті бағыттың дамуына әрбір қазақстандық азамат, сондай-ақ отандық ірі компаниялар мүмкіндігінше демеу көрсетуде.

Jusan Bank те бұл тұрғыда ерекше қажеттіліктері бар жандардың шығармашылық және спорттық әлеуетін жүзеге асыруына, қоғамға сіңісіп, белсенді өмір салтын жүргізуіне көмектесетін түрлі жобаларды қолдайды. Солардың бірі – Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада комитетімен бірлескен Астана қаласындағы ИнваТакси жобасы. Бір жылдық жанар-жағармай тұтынуын қаржыландыру арқылы, банк арбаға таңылған елорданың кішкентай тұрғындарын тасымалдайтын мамандандырылған шағын автобустардың жұмысын оңтайластырды. 

ИнваТакси - ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған көлік. Жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның толыққанды мүшесі болуға, ортаға сіңісу үшін қажетті инфрақұрылым нысандарына баруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың өмір сүру деңгейін, денсаулығы мен білімін жақсартатын қосымша қызметтерді алу мүмкіндігін береді. 

"ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің 2022 жылға арналған негізгі әлеуметтік жобаларының бірі – арбаға таңылған елордалық балаларды тасымалдау. Бұл маңызды жоба серіктестеріміз JUSAN мен "Тойота Моторс Қазақстан" қолдауының арқасында жүзеге асты. Мұнда ең маңызды рөлді күн сайын өтініштерді қабылдап, балаларды тасымалдау жұмыстарымен айналысатын жүргізушілер мен үйлестірушілер атқарады", - деді ҚР ҰПК бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.
 

ҚР ҰКП-ның ИнваТакси жобасының автопаркінде бүгінгі таңда арнайы мүгедектер арбасын көтере алатын механизмі бар 6 Toyota Hiace шағын автобустар бар. Арнай көлікті қолдану үшін орталыққа күніне 80, айына 1500 өтініш келіп түседі. Инватакси мүгедектер арбасына таңылған 160 балаға тұрақты түрде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

"Біз әсіресе қысқы ауа-райы мен түрлі жағдайларда қозғалысы қиындайтын Астананың кішкентай тұрғындарын тасымалдауға арналған жобаны қуана қолдадық. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін, ыңғайлы, қауіпсіз тасымалдау, олардың әлеуметтік және мәдени нысандарға, білім беру орталықтарына, спорт үйірмелеріне барып, түрлі іс-шараларға қатысуларына мүмкіндік береді. Сол арқылы олар өз қажеттіліктерін іске асырып, толыққанды өмір сүріп, қоғамымыздың дамуына үлес қосады. Біз бұған дейін ҚР ҰКП-ның параволейбол чемпионатын қолдаған едік. Осы тұста Паралимпиада комитетімен серіктестігімізді мақтан тұтамыз", - деді Jusan Bank-тің PR директоры Гаухар Керимова.

Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде Астанада 27 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан оңалту мен өзге де көмектер алады. Оның ішінде 7 мыңы кәмелетке толмағандар.