Jusan Bank БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылды
2023 жылдың 31 қаңтарында "Jusan Bank" АҚ әлемнің түкпір-түкпіріндегі 21 000-нан астам компаниялар мен ұйымдарды біріктіретін және 2000 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тұрақты даму саласындағы ең ірі корпоративтік бастама – БҰҰ Жаһандық шартына ресми түрде қосылды.
"Jusan Bank" АҚ БҰҰ Жаһандық шартының он әмбебап қағидатына қол қою арқылы қоршаған ортаны қорғау, еңбек стандарттары мен адам құқықтары сақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы өзінің белсенді ұстанымын, сондай-ақ БҰҰ тұрақты дамуы мақсаттарын қолдауға мүдделі екенін көрсетеді.
Құжатқа қосылу барысында "Jusan Bank" АҚ өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын енгізу ниетін растап, БҰҰ Бас хатшысына ресми хат жолдады. Жыл сайын "Jusan Bank" АҚ қол жеткізген нәтижелер туралы ақпаратты жариялап отырады.
"БҰҰ Жаһандық шартына қосылуымыз – "Jusan Bank" АҚ-ның жоғары деңгейдегі практикалық міндеттемелерді қабылдауға және жауапты бизнес жүргізудің озық стандарттарын сақтауға ұмтылысының айқын дәлелі. Банкімізде ESG-қағидаттарын іске асырудың белсенді кезеңі жүріп жатқанын ескере келе, біз ұзақ мерзімді әлеуметтік және экологиялық міндеттерді шешуге бағытталған тұрақты даму саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамытуға ниеттіміз. БҰҰ-ның Жаһандық шарты тұрақты даму бойынша озық тәжірибе алмасуға бірегей мүмкіндік береді",- деді "Jusan Bank" АҚ Басқарма төрағасы Нұрдәулет Айдосов.
"Jusan Bank" АҚ – қаржылық жағынан тұрақты және елдегі ең ірі банктердің бірі. Бүгінде Банк активтері 2,8 трлн теңгеге, ликвидті активтері 1,4 трлн теңгеге немесе банк активтерінің 57%-ына жетеді. Өткен жылғы таза пайда 82,5 млрд теңгеге жетті. Банктің меншікті капиталы 542 млрд теңгеге тең. Бұл ретте Банкте 359 млрд теңге көлеміндегі капитал резерві бар.
2022 жылы банк шаруашылықтағы операциялардың тікелей және жанама парниктік газдар шығарындыларын бағалады. Бұған дейін S&P Global Corporate Sustainability Assessment халықаралық рейтинг агенттігі "Jusan Bank" АҚ-ның тұрақты даму саласындағы қызметін алғаш рет бағалап, басқару және экономикалық аспект (Governance & Economic Dimension) бойынша 27 балл, экологиялық аспект (Environmental Dimension), бойынша 11 балл, әлеуметтік аспект (Social Dimension) бойынша 24 балл берді.