Jetour – Қазақстанның автонарығындағы жаңа өршіл ойыншы
Allur автомобиль компаниясы мен Jetour бренді Қазақстанда Jetour автомобильдер өндірісін бастау жөнінде стратегиялық келісімге қол қойды. Қостанай қаласында отандық кәсіпорында Jetour автомобильдерінің өндірісі басталды.
Уағдаластықтар шеңберінде 2023 жылдан бастап бүкіл ел бойынша дилерлік орталықтар желісін құруына кірісетін Jetour Qazaqstan компаниясы Қазақстан Республикасында Jetour брендінің ресми дистрибьюторы болды. Алғашқы автоорталықтар осы жылдың екінші тоқсанының басында Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларында ашылатын болады. Қазіргі уақытта брендтің жоғары стандарттарына сәйкес дилерлік кәсіпорындарды белсенді дайындық жүргізілуде.
Jetour Qazaqstan клиенттеріне нарықтың екі сегментіне жататын төрт модельден тұратын желісі қол жетімді болады. C-SUV сегментінде Jetour X1, ал D-SUV сегментінде X70, X70 Plus және X90 Plus модельдері ұсынылады.
Клиенттерге ыңғайлығы үшін 2023 жылғы 31 наурызда jetour-auto.kz мекенжайы бойынша Қазақстандағы JETOUR ресми сайты іске қосылды. Онда брендтің қол жетімді модельдері, дилерлік желісі, қаржылық өнімдер, арнайы бағдарламалар мен ұсыныстар жайлы ақпарат ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, жас және өршіл Jetour автомобиль бренді Chery Holding, ҚХР ірі автомобиль өндірушісінің еншілес бренді болып табылады. Қазіргі уақытта Jetour – ҚХР нарығында кроссовер шығаруға маманданған ең жылдам дамып келе жатқан бренд.