Израиль әскері Қатар астанасы Дохаға соққы жасады: ХАМАС көшбасшысы әл-Хайя қаза тапты
Фото: x.com/IranObserver0
Израиль әскері Қатар астанасы Дохаға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израиль билігінің мәлімдемесінде Дохада орналасқан ХАМАС ұйымының штабына соққы жасалғаны айтылған.
"ХАМАС" ұйымының басшылары соққы жасалған сәтте Газадағы соғысты тоқтату туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың ұсынысын талқылап отырған.
Al Arabiya арнасы Дохадағы Израиль соққысынан ХАМАС көшбасшысы әл-Хайя мен қозғалыстың тағы үш жоғары лауазымды мүшесі қаза тапқанын хабарлады.
Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, Дохаға жасалған әуе соққысы АҚШ-пен алдын ала келісілген. Сондай-ақ шабуыл алдын ала Қатар билігіне де ескертілген көрінеді.
Қатар сыртқы істер министрлігі Израильдің шабуылын қатаң айыптады.
"Біз Израильдің Дохада ХАМАС саяси бюросының бірнеше мүшесі тұрған тұрғын үйлерге бағытталған қорқақ шабуылын қатаң айыптаймыз", – делінген Қатар СІМ мәлімдемесінде.
Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады.
"Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", – делінген Ақорда хабарламасында.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
