Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Із-түссіз жоғалған 19 жастағы қостанайлық бойжеткеннің денесі табылды

Екі апта бұрын жұмысқа кетіп қайта оралмаған қостанайлық тұрғынның денесі орманнан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі жергілікті Alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Денисовский ауданының Перелески ауылында болған. Кафеде аспазшы болып жұмыс істейтін 19 жасар Евгения Казарчук 25 тамыз күні жұмысқа кеткеннен сол күйі оралмаған. Содан бері полиция мен еріктілер бірігіп қызды іздей бастаған. 

10 қыркүйек күні оның денесі жұмыс орнынан 150 метр жердегі орман ішінен өлі күйінде табылғаны белгілі болды.


Ауруханадан шығып, жоғалып кеткен: Ақмола облысында әйел адамның денесі табылды


Қостанай облысының полициясы ҚР ҚК 99-бабы "Өлтіру" бойынша соталды тергеуді бастады.

"Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалды, сол арқылы өлімнің себебі анықталады", – деп мәлімдеді полицияда.

Аудандық полицияның кейін таратқан ақпараты бойынша, қыз өз-өзіне қол жұмсаған.


Жамбыл облысында оқ жарақатынан көз жұмған шенеуніктің денесі табылды


 

Ақберен Амангелді
Жұма, 10 Қыркүйек, 2021 22:01
Талқылау