Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында оқ жарақатынан көз жұмған шенеуніктің денесі табылды

Жамбыл облысының Қаратау қаласындағы көшелердің бірінен денесінде оқ жарақаты бар ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ружье

Жамбыл облысының ПД хабарлауынша, 2 қыркүйек күні Талас аудандық ІІБ кезекші бөліміне белгісіз ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Марқұм өз атына тіркелген аңшы қаруымен өзін-өзі атқаны анықталды. Қолданылған шаралар аясында марқұмның жеке басы анықталды, ер адамның туыстары оны таныды. Қайтыс болған азамат осы елді мекеннің тұрғыны болып шықты. Өз-өзіне қол жұмсаудың себебі мен істің барлық мән-жайын білу үшін тергеу органдары "Өзін өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады"  – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін істің басқа мәліметтері жария етілмеді.

Осы орайда inbusiness.kz порталы Талас облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлағандай, қайтыс болған азамат Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы болып шықты.

Талқылау