Із-түссіз жоғалып кеткен талдықорғандық оқушы Астанадан табылды
Полиция бір апта бұрын Талдықорғанда жоғалып кеткен оқушыны Астана қаласынан тапты, деп хабарлайды Алматы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
3 сәуірде 17 жастағы оқушының анасы полицейлердің көмегіне жүгінеді. Ол 31 наурыз күні үйден шығып кеткен ұлының қайтып оралмағанын хабарлаған. Жағдайдың мән-жайын анықтау кезінде қала мектептерінің бірінде 11-сыныпта оқитын жеткіншектің бұған дейін де үйінен бірнеше рет кетіп қалғаны белгілі болды.
“Іздестіріліп жатқан оқушының суреті өңірлік полицияның барлық қалалық және аудандық бөлімшелеріне жіберілді. 2016 жылы жазда оның Астанадан табылғанын ескере отырып, оның суретін елордалық полицейлерге де жіберген. Нәтижесінде астаналық əріптестеріміздің көмегімен біз жеткіншектің тұрғылықты жерін анықтап, ата-анасына ұлдарының аман екенін жеткіздік” – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқушы Астана қаласындағы жеткіншектерді уақытша сауықтыру орнында əке-шешесінің келуін күтуде.
Оқи отырыңыз:
Атырау облысында бетперде киген бір топ адам полицейлерден балық толы көлікті тартып алған (фото)
Астраханда полицейлерді өлтірді деген күдіктілер тағы шабуыл жасады
Ақтауда көп балалы отбасы аяқ киім жөндейтін вагон ішінде тұрып келген
Ақтөбеде сыныптастары аяусыз соққыға жыққан баланың миында қауіпті ісік пайда болды

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
