AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иттер алып кетпесін дедік": Талдықорғанда қоқыстан нәрестенің денесін тапқан келіншек оқиға туралы

Талдықорғанда қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды. Нәрестені тауып алған қала тұрғыны оқиға жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

бала

Кіндігі кесілмей құр жаялыққа оралған баланы таңертең тұрғындар байқап, полиция шақыртқан. Нәрестенің лақтырыларда тірі, не өлі болғаны белгісіз. Қазір бауыр еті баласынан безген безбүйрек ана іздестіріліп жатыр.

Таңертең таза ауамен тыныстауға шыққан Айгүл Түсіпбаева қоқыс жәшігінен жаңа туған шақалақтың денесін көріп шошыған. Құр жаялыққа оралған күйі жатқан шарананың кіндігі де кесілмеген дейді келіншек. Бейкүнә баланы көріп жүрегім ауырды деген әйел бірден полиция шақыртыпты.



“Жаңа туғаны көрініп тұр. Обал ғой. Баласын осылай тастап кетуге ананың дәті қалай барды екен. Айтарға сөзім жоқ. Полиция келгенше күттік. Қаңғыбас иттер алып кетпесін деп тұрдық. Жанымда көше сыпырушы да болды”, – дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Айгүл Түсіпбаева.

Табылған күні тасбауыр ана қылмыстық жауапкершіліктен құтылмайды дейді тәртіп сақшылары. Заң бойынша, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Талдықорғанда аула сыпырушы қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің мәйітін тауып алған.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр