Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иті өз иесін қытайлық індеттен аман алып қалған

Тайвань тұрғыны қытайлық 2019-nCov коронавирусын жұқтырып ала жаздағанын, оны иті құтқарып қалғандығын айтып отыр. Ол Ухань қаласына сапар шекпекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
ит

13 қаңтар күні әйел Ухань қаласына барып қайтпақшы болыпты. Бірақ оның иті Кимми тұрғынның төлқұжатын кеміріп тастаған. Кейіннен әлгі азаматша осы қалада белгісіз індеттің жаппай таралып жатқандығын естіген. Осы жағдайға байланысты Қытай билігі Уханьда карантин жариялап, қалаға кіретін және шығатын жолды жауып тастаған. Бүгінгі күннің өзінде көз жұмғандардың саны 132-ге жетіп отыр екен.  

"Менің балақайым (итім) мені желеп-жебеп жүреді. Кимми менің төлқұжатымды бүлдіріп тастағаннан кейін мен баратын жерге ауру таралып кеткендігін естідім. Менің сапарым орындалмай қалғанына қатты қуаныштым", - деп жазыпты қытайлық азаматша. 

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Қаңтар, 2020 12:54
Талқылау