Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ыстық махаббатпен, Ананди": Танымал үнді актрисасы қазақша сөйлеп, елді таңғалдырды

Қазақ елі Ананди деп атап кеткен танымал үнді актрисасы Авика Гор қазақ тілінде сөйлеп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Авика Гор продюсер Нұрлан Қоянбаевтың “I go to School” фильміне түскен. Ол 5 наурыз күні тұсаукесер үшін Алматыға арнайы келетінін айтып, көрермендерді кездесуге шақырды. 

"Құрметті, қазақстандық достарым! Жуырда Нұрлан Қоянбаевтың “I go to School” фильмі жарыққа шығады. Онда мен басты рөлді ойнадым. Фильм премьерасы үшін арнайы 5 наурызда Қазақстанға келемін. Сіздерге ыстық махаббатпен Ананди, Авика Гор", – деді үнді актрисасы. 



"Қазақ тілін үйреніп алыпты", "Өз ана тілін білмейтін біздікілер көрсін", "Нұрлан Қоянбаев, Авиканы қазақша сөйлеткеніңіз үшін сізге ризамын. Жасай беріңіз", – деп риза болды оқырмандар. 

Айта кетейік, “I go to School” фильмінде Авикамен бірге Нұрлан Қоянбаев, Рамазан Амантай және актриса Алтыншаш Шаяхмет басты рөлдерді сомдайды. Фильм 10 наурыздан бастап кинотеатрлардан көрсетіледі. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Сенбі, 05 Наурыз, 2022 08:45
Талқылау