Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Істемегенім қалмады": Бетін безеу басқан Шәріп Серік фанаттарын алаңдатып қойды

Шәріп Серік көптен бері эфирге шықпауының себебін түсіндірді. Бетін безеу басқан актер соңғы кездері денсаулығын қалыпқа келтірумен айналысып жүргенін айтты. Ағзаны тазалап, қатаң диета ұстанып жүрсе де, Шакенти бетіндегі безеулердің кетпегенін өкінішпен жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Барлықтарыңыз бетім жайлы жазып жатсыздар. Жасыратын ештеңе жоқ. Өзім қатты шаршадым. Санаторийге бардым. Үнемі елдің бәрі бетпен болатын проблеманың астан болатынын айтады. 10 күн эфирде болмадым, себебі денсаулығыммен айналыстым", - дейді актер.

Шәріп Серік былтыр өмірінде көп өзгеріс орын алғанын айтты. Естеріңізде болса, ол әнші Сэй-Момен отау құрып, көп ұзамай ажырасып кеткен еді. Екеуінің айырылысуына отбасылық жанжал себеп болған. Одан бөлек, Шәріп былтыр тынбай жұмыс істегенін, денсаулыққа көңіл бөлуге уақыты болмағанын жеткізді. 

Қазіргі уақытта актер қатаң диета ұстап жүрсе де, одан айтарлықтай нәтиже шықпағанын айтты.



"Жасап жатқан әрекеттерімнен ешқандай нәтиже көрмедім. Ол менің көңілімді қатты түсірді. Істемеген нәрсенің бәрін істедім.Диета ұстап жүрмін. Бұрынғыдай аузыма не сыяды, бәрін тықпаймын. Қазақ болғаннан кейін, етті қатты жақсы көремін. Етті керемет жейтінмін. 
1 айдан асты диета үстап жүрмін, күніне жоқ дегенде 2 литр су ішемін. 
Осылай жүргеніме екі жыл болды. Арасында кетеді, азаяды, шығады. Ол да күйзелістен болады. Түсірілім кезінде неше түрлі тамақ ішеміз, ұйқымыз қанбайды, рөлге берілесің. 

Өздеріңіз де көрдіңіздер, бұл жылы өмірімде біраз нәрселер болды. Жынданып кетпегенім үшін өзіме рахмет. Туыстарыма, жан достарыма рахмет", - деп бөлісті актер. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Ақпан, 2022 15:11
Талқылау