Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Испанияда аптап ыстықтан 50 адам қаза тапты

Испанияда аптап ыстықтан 50 адам қаза тапқан. Бұл туралы Карл III атындағы Мадрид университеті мәлімдеді. Елдің бірқатар өңірлерінде аптап ыстыққа байланысты қызыл түсті, ең жоғары қауіп деңгейі енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар24” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Термометр Цельсий бойынша 44 градусты көрсетуде. Мамандар аптап ыстықтың тамыз айында да жалғасатынын айтады. Мадридтегі Карл III университетінің мәліметінше, Испаниядағы аптап ыстықтың негізгі құрбандары егде жастағы адамдар.

"Испания жыл бойы жылы ауа райы сақталады. Ал жазда өте ыстық. Зейнет жасындағы достарым бұл ауа райына шыдамайды. Олар аптап ыстықтан ауырып, қазір төсек тартып жатыр", – дейді зейнеткер Мануэль Алем.

Ауа райына қарамастан Испанияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер келуді жалғастыруда. Жергілікті экологиялық белсенділер бұл жағдайға наразы. Олар билік туристік круиздік кемелерге қатаң шектеу қоюы керек деп есептейді.

"Тек жексенбі күні 15 кеме Барселона круиздік портына тоқтады. Олар ауа мен суды ластайды. Мемлекет олардың санын шектеуі керек", - деді эко белсенді Пабло Родригес.

Билік аптап ыстықпен күресу үшін басқа да шараларды қолға алып жатыр. Барселонада климаттық баспана бар. Яғни, халық ыстықтан кітапханаларда, мұражайларда, мектептерде, спорт нысандарында салқындай алады. Қазір қалада климаттық деп аталатын 227 баспана ашылды. Оларға негізінен ыстықтан қорғанған қарттар мен туристер баруда.

Талқылау