Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Су бөгеттері мен жол салынады: Ислам даму банкі Қазақстанға 2 млрд доллар қаржы бөлмек

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға 2 миллиард долларға дейін қаржы бөлмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ислам даму банкі биыл Қазақстандағы су шаруашылығы мен көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін 2 миллиард долларға дейін қаржы бөледі.


Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады – Тоқаев


"Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы жылы қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Олардың қатарында су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық каналдарды, контррегуляторларды және олармен байланысты инфрақұрылымдарды салу және қайта жаңарту бар", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ көлік министрлігі жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту және салу бойынша төрт жоба ұсынған.

Еске салсақ, бұған дейін көлік министрлігі Қазақстанда 1 шақырым асфальт төсеу қанша тұратынын айтқан еді. 

Талқылау