Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің басшысы полиция жүйесін реформалау туралы түсіндірді

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстандағы жергілікті полиция қызметінің реформасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оның айтуынша, реформа "Полицияның жаяу жүру" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

"Бұл реформаның шешуші рөлі учаскелік полиция инспекторларына жүктелді. Олардың мәртебесін көтеру үшін заңнамалық сипаттағы шаралар әзірленуде", - деді министр үкімет отырысы барысында.


Ерлан Тұрғымбаев сондай-ақ қазіргі 22,8 мың учаскелік полиция бекетінің 3,4 мыңы жөндеуді қажет ететіндігін хабарлады. Оған қоса, 279 учаскелік пункт салу және 1,5 мың қызметтік автокөлік сатып алу қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауы кезінде жергілікті полиция қызметін кешенді реформалау қажеттігін мәлімдеген. Мемлекет басшысы әрбір учаске азаматтар үшін қол жетімді болыуы және олардың құқықтарын қорғауы керек деп атап өтті.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Қыркүйек, 2020 09:44
Талқылау