Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ішкі істер министрлігі самокат жүргізушілеріне қатаң шектеулер енгізуді ұсынды

Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрлігі самокат жүргізушілеріне қатаң шектеулер енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мәжілісте өткен қоғамдық кеңес отырысында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха бұрын ұсынылған кейбір нормалардың қолдау таппағанын айтты. Соның бірі – самокат жүргізушілеріне қатысты ережелерді бекіту құзыретін әкімдіктерге беру. Атап айтқанда, әкімдіктерге белгілі бір орындар мен күндері самокатпен жүруге тыйым салу құқығын беру ұсынылған.

"Яғни, әкім, мысалы, жексенбі күні саябақта самокатпен жүруге тыйым салуы керек. Немесе адамдар көп жиналатын үлкен даңғыл бойымен белгілі бір уақытта жүруге шектеу қоюы қажет. Неліктен екенін түсіне алмаймын, бірақ депутаттар бұл норманы қолдамады. Бұл да елеулі жауапкершілік болар еді", – деді Игорь Лепеха.


Қазақстанда енді самокатты кез келген жерде тастап кететіндер жаза арқалайды

"Оларды ату керек": Желіде самокат мінгендер туралы айтқан Астана әкімі орынбасарының сөзі талқыға түсті


Сондай-ақ самокат тебушілердің жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне мүлде тыйым салу ұсынылды. Алайда агрегатор компаниялар бұған қарсы болып, өз тараптарынан тиісті шаралар қабылдауға уәде берген. 

"Агрегаторлар "біз баяулатамыз, біз жауап береміз" деді. Бірақ ешкім ештеңе баяулатпады. Неге агрегаторлардың жауапкершілігі жоқ? Неге Мәскеуде олар бұл істей алады да, бізде істей алмаймыз? Мәскеуде не болып жатқанын қараңыздар. Олар кейбір аймақтарды баяулатуда, кейбір аймақтарда тыйым салынған. Мысалы, самокат Қызыл алаңға жақындаса, самокат жай ғана тоқтайды, жүрмей қалады. Немесе бір жерде сағатына 5 км жылдамдық белгіленген. Неге біздің агрегаторлар мұны жасағысы келмейді?" – деді вице-министр. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда велосипед пен самокат жүргізушілеріне мемлекеттік нөмірмен жүру талап ету ұсынылған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 16 Мамыр, 2025 19:45
Талқылау