Ішінде қолма-қол ақша мен әтір бар: Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында белгісіз әйел сыйлық салынған пакет тастап кеткен
Маңғыстау облыстық сотының ғимаратында белгісіз әйел ақша салынған пакетті тастап, өзі кетіп қалған. Тергеу тобы оның мұндай қадамға не үшін барғанын анықтайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"1 маусым күні сағат 9: 58-де белгісіз әйел Маңғыстау облыстық сотының ғимаратына келіп, осы соттың судьясы Г.Б. Бастаубаевпен қалай кездесуге болатынын сұрады. Келушіге судьямен процессуалды емес байланысқа тыйым салу түсіндірілді. Алайда ол судьяға тапсыру үшін кеңседе пакет қалдырып, ештеңе түсіндірмей кетіп қалды. Пакеттен қолма-қол ақша мен лентамен байланған ақ қорап табылды" , - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Кеңсе маманы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкеріне жүгінді, ол өз кезегінде ақшаны табу туралы акт жазды.
Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің жедел-тергеу тобы шақырылды.
"Жедел-тергеу тобы пакетті қарау кезінде номиналы 10 000 теңгелік 26 купюраны және номиналы 20 000 теңгелік 2 купюраны алды. Жалпы сомасы - 300 000 теңге. Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің "Арлан" арнайы жасағы қорапты тексерді. Онда импорттық парфюмерия табылған. Тексеру бейнетіркеу арқылы жүргізілді", - деп хабарлады сотта.
Соттың бейнебақылау камераларынан бейнежазбалар алынды.
Аталған факті СДТБТ-де және Маңғыстау облысы бойынша полиция департаментінің жедел-тергеу тобында тіркелді. Тергеу шаралары жүргізілуде.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
