Құрсағындағы баланы кесіп алған: Жүкті сыныптасын алдап үйіне шақырған әйел, оны өлтіріп тастады

Бразилиялық әйел жүкті құрбысын арнайы кешке шақырып, оны өлтіріп, ішіндегі баласын кесіп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Санта-Катерина қаласының 24 жастағы тұрғыны Флавия Годино Мафра баласының өмірге келуін асыға күткен. Қыз күйеуімен бірге балалар бөлмесін дайындап, құттықтаулар жинады. Бала қыркүйек айында туылуы керек еді, ал ерлі-зайыптылардың достары оларға кештер ұйымдастыра бастады, онда отбасының үшінші мүшесіне сыйлықтар берілді. Сондықтан, оның бұрынғы сыныптасы Флавияға хабарласып, кездесуге ұсыныс жасаған кезде, қыз қуана келіскен.

Кешке тек үшеуі қатысты - Флавия, сыныптасы және оның күйеуі. Бірақ болашақ ана барлығымен амандасып үлгермей жатып, жігіт оның басына кірпішпен ұрып жіберді. Содан кейін іске сыныптасы кірісіп, Флавияның ішінен баласын кесіп алған. Олар қыздың денесін қыш шеберханасының аумағына лақтырып жіберген.

Содан кейін ерлі-зайыптылар дереу ауруханаға барып, сол жерде нәрестені тексерген, бірақ дәрігерлер жағдайды тым күдікті деп санап, полиция шақырды.

Сыныптасы қаңтар айында түсік тастағанын мойындады және ол бұған төтеп бере алмады. Содан бері ол бала ұрлауды ойлап жүрген, содан кейін Флавия назарына іліккен. 

Тергеу қыздың жан түршігерлік операция кезінде тірі болған-болмағанын әлі нақты анықтамады, бірақ сараптама өлімнің себебі бас пен іштегі жаралар екенін көрсетті. Қазір қылмыскерлер уақытша ұстау абақтысында, ал Сесилия есімді нәресте ауруханада. 

"Флавия өте жағымды, қамқор және мейірімді еді. Әрқашан кез-келген адамға көмектесуге дайын болды. Ол адамдарға оңай сенді және соңғы рет оның өмірін қиған әйелге сенді", - деді Флавияның құрбысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр