Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Исабекова «Рингодағы» Батырды шын сүйетінін айтты

Мақпал Исабекова мен Батыр Байназаровтың жаңа бейнебаяндағы ғашықтық сезімдері өмірде жалғаса бастаған сыңайлы,-деп жазды Stan.kz.

батыр1

Бірінші  болып халық өнер иелерінің жаңа клиптегі рөлдерін шынайы сомдады деп  актерлік шеберліктеріне тәнті болған еді. Осы пікірдің артынша Мақпал мен Батырдың өмірде бір-біріне ғашық болып қалғандары туралы әріптестері айта бастады.

Бұл сөздің рас немесе жалған екенін білу үшін Батырдың өнердегі анасынан да пікір сұрап көрдік. Бірақ, Алуа Қонарова нақты мәлімдеме жасай алмайтынын жеткізді.

«Мақпал мен Батырдың құпияларын ашып,  қарым-қатынастарына  араласуға ұяламын»,- деді Алуа Қонарова.

Ал Батырдың өзі  болса «клиптегі рөлдеріңізді  шынайы сомдадыңыздар» деген тыңдармандардың алғысына қуанғанын жасырмады.  Бірақ Мақпал екеуінің өмірдегі  ара-қатынасы жайлы қазірге ештеңе айтқысы келмейтінін жеткізді.

Кезек мақпалға келген кезде ол әрдайым ешкімнен қымсынбайтын мінезімен тағы да ерекшеленді. Батыл қыз желідегі парақшасына  «Сені шынайы сүйемін» деп жазып әріптесі, мүмкін өмірдегі сүйіктісі Батыр Байназаровты белгілеген.

Соңғы уақытта Қазақстандағы өнер жұлдыздары  өз қалауларына ерік беріп, жұрт ойламаған «жаңалықтар ашып жатыр» . Алдағы уақытта Мақпал мен Батыр «үйленетін болдық» деп жар салса еш таң қалмаңыз.

Оқи отырыңыз:

Мақпал Исабекова өзін Ким Кардашьянмен салыстырғандарға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар

Тәуекелдің елден жасырып жүрген сүйіктісі кім

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Талқылау