Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыр Байназаров: Мақпал Исабекова екеуміздің махаббатымызға сеніңіздер

Соңғы бір жылдан бері әнші Мақпал Исабекова желідегі жазбалары арқылы сүйіктісінің бар екенін аңғартып жүр. Фанаттар “Сүйемін сені, Бекішев” хэштегінің кімге арналғанын іздеп әлек болып жүргенде, Мақпал халыққа RinGo-лық Батыр Байназаровпен махаббат картинасын ұсынды. Бұл ретте тыңдармандардың ойы сан-саққа жүгірді.

19534159_311753635932621_7556577031224295424_n

Енді жұрт Батыр мен Мақпалдың ара-қатынасы туралы неше түрліні айтып жүр. Тіпті, БАҚ беттерінде қос өнер иесінің түсірілім алаңынан тыс жерде бірге жүрген суреттері пайда болды.

Тыңдарман көкейінде жүрген сауалдың нүктесін Батыр Байназаровтың өзі қойды. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өзін Мақпалмен не байланыстыратынын айтты.

«Адамдар түрлі нәрсе айта береді ғой. Жалпы желіде «сезімге беріліп ойнағандарыңыз соншалықты, махаббаттарыңызға сендік» деп жазған адамдар көп болды. Егер де көрерменді сендіре алсақ, біздің басты мақсатымыз да сол болатын. Ал Мақпал екеуміздің ара-қатынасымыз туралы сұраққа пікір білдіргім келмейді», – деп сұрақтан қашқақтады ол.

Ел арасында жуырда ғана жарыққа шыққан Батырдың “Өкінем” атты әнінің Мақпалға арналғаны туралы әңгіме желдей есті. Бұған Батырдың өзі не дер екен?

«Ал «Өкінем» әніне келер болсақ, оның Мақпалға арналуы мүмкін емес. Бұған дейін де бірнеше жерде айттым, ол ән осыдан 1,5 жыл бұрын шыққан. Яғни оны Мақпалға арналды деудің өзі қисынсыз», – деді Батыр Байназаров.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін сізде Stan.kz редакциясының хат түріндегі рұқсаты болуы шарт! Ал эксклюзивті материалдарды жарияланған уақыттан 24 сағат өткен кезде ғана алуға болады!

Жіберіп алмаңыз:

Мақпал Исабекова өзін Ким Кардашьянмен салыстырғандарға жауап берді

Тұрсынғали Алагөзовтің әкесі: Ұлымды сынаған елге түкіргенім бар

Тәуекелдің елден жасырып жүрген сүйіктісі кім

Америкалық әйел: Димашқа дейін Қазақстан мемлекеті туралы мүлдем білмедім

Талқылау