Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ирина Кайратовна тобындағы мобилографтың неден көз жұмғаны анықталды

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы Ирина Кайратовна тобының концерті кезінде көз жұмған 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 21 жастағы мобилографтың өлімінің себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен расталғанын хабарлады.

"Өлімнің себебі –жіті геморрагиялық панкреонекроз еді. Ол токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", – деп мәлімдеді Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жедел геморрагиялық панкреонекроз – ұйқы безінің ауруы. Бұл көп жағдайда өлімге әкеледі. Ұйқы безі ферменттер мен инсулин шығару арқылы ас қорытуда маңызды рөл атқарады және оның қабынуы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

Геморрагиялық панкреонекроз кезінде бездің тіндерінен қан кетіп, қабынады. 

Қазан айының басында Астанада "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде топтың мобилографы Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, мерт болған еді.  

Айта кетейік, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы 21 жастағы жігіттің өліміне қатысты пікір білдіріп, неден көз жұмғаны жайлы болжам жасаған. 

Еске салсақ, марқұмның құрбысы Мөлдір есімді бойжеткен Шахназ Жылқайдардың өліміне энергетикалық сусындардың қатысы жоғын және марқұмның апта бойы жұмыстан бас көтермей, екі тәулік бойы көз ілмегенін айтты. Оның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Талқылау