Ірі сомада бюджет қаражатын иегере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жылдың 8 айында республика бюджетінің 49 млрд теңгесі игерілмей қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,4%, республикалық бюджеттің шығысы – 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығысы 97,6% атқарылды.
Республикалық бюджет бойынша 11,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді.
Атқарылмау 60 млрд теңгені құрады, оның ішінде 11 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 49 млрд теңге", - деді министр.
Айтуынша, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Ішкi iстер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту (Ғылым және жоғары білім министрлігі) министрліктерінде қалыптасқан.
"Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ қаржы министрі бюджет игеруде сылбырлық танытып отырған өңірлерді атады.
"Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,3 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 155 млрд теңге. Биыл өңірлерге 3,3 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 1,9 трлн теңге бөлінген. Оның 95,6%-і игерілген.
Атқарылмағаны – 85 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге – үнемделіп, 78 млрд теңге игерілмегені.
Бюджет қаражатын игере алмай көрсеткіші Алматы, Маңғыстау, Қарағанды және Түркістан облыстарында қалыптасты", - деді ол Үкімет отырысында.
Вице-Премьердің мәліметі бойынша, бюджетті игермеудің негізгі себептеріне жобалау-сметалық құжаттаманы түзету, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, қазынашылық органдарына төлеуге берілетін шотты кеш ұсыну жағдайлары алғышарт болған.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
