Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда хиджабты дұрыс кимеген қыздың өлімінен кейінгі тәртіпсіздіктер: Ереуілге шыққандар мен полицейлер арасында құрбандар бар

Иранда хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталған ереуіл бесінші күнге жалғасты. Наразылық ретінде әйелдер хиджабтарын өртеп, шаштарын қиып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Иран митинг

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметінше, полиция жиналған топқа қарсы көз жасаурататын газ пайдаланған. Шираз қаласындағы қақтығыс кезінде бір полиция ажал құшып, тағы төртеуі жарақат алған. 

Ереуілдеткен жұртшылық көшелерді жауып, қарулы күштерге тас лақтырған, полиция көлігі мен қоқыс бактарын өртеп, үкіметке қарсы ұрандатқан. 

"Бүгін кешке Керманедегі Азади алаңында әйелдер жәшікке отырып, орамалдарын шешіп, шаштарын қиды. Ал жиналған адамдар "Диктаторға өлім" деп ұрандатты. Әдет-ғұрып полициясы ұстаған соң көз жұмған Махса Аминидің өліміне байланысты басталған ереуіл бесінші күнге жалғасты", – делінген хабарламада. 

Митинг ел астанасы Тегеран, Мешхед, Тебриз, Рашт, Исфахан мен Шираз қалаларында өткен. 

Тегеранның солтүстігіндегі Сариде әйелдердің жиналған топтың мақұлдауымен өз хиджабтарын өртеді. 

Күрдістан губернаторы Исмаил Зарей Куша 20 қыркүйекте провинциядағы ереуіл кезінде үш адамның көз жұмғанын мәлімдеді, алайда қашан өлгенін нақтыламаған. 

Норвегиялық Hengaw ұйымы 17 және 18 қыркүйекте 38 адамның жарақат алғанын хабарлады. Бұл кезде полицейлер Сакез бен Санандаджде ереуілдеткен халықты тарату үшін резеңке және атыс оқтары мен көз жасаурататын граната пайдаланған. 

Ереуіл 16 қыркүйекте үкіметтің Аминидің өлімі туралы мәлімдемесінен соң басталған. Студент қыздардың киім киюін бақылайтын әдет-ғұрып полициясы ұстаған соң көз жұмған. Оған шашын орамал немесе хиджабпен жабу туралы заңды бұзды деген айып тағылған. 

Қамауға алынған соң төрт күннен кейін Амини көз жұмды. Биліктің мәліметінше, өліміне "жүректің тоқтауы" себеп болған. Алайда туыстары қыздың жүрегімен ешқандай мәселе болмағанына сенімді. Олар ұрып-соғу салдарынан өлді деп күдіктенеді. 

БҰҰ Жоғарғы комиссарының міндетін атқарушы Нада әл-Нашиф бұған дейін полицияның Аминиді соққыға жыққанына сілтеген. 

"Махса Аминидің қайғылы өлімі және азаптау мен қатігез қарым-қатынас туралы мәліметтер тез арада тәуелсіз құзырлы органдармен тексерілуі керек", – деді Нашиф. 

Ол БҰҰ-ның "әйелдерге деген қатігез қарым-қатынас туралы тексерілген және расталған видеолар" алғанын айтты. Соңғы уақытта әдет-ғұрып полициясы көшеде рейд жүргізуді жиілеткен. 

Иран көшбасшысының көмекшісі Әли Хаменеи 19 қыркүйекте Аминидің отбасына барған. Мемлекеттік БАҚ мәліметінше, ол отбасыға "құқық қорғау үшін барлық мекемелердің шара қабылдайтынын айтып, уәде берген".

Иран парламентінің белді депутаты Джалал Рашиди Кучи әдет-ғұрып полициясын сынап, оны құру бастамасы қателік болғанын және Иранға тек "шығын" алып келгенін айтты. 

Ирандағы хиджаб туралы заң

1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иран билігі міндетті дресс-код енгізді. Оған сәйкес әйелдер хиджаб немесе денесін жауып тұратын еркін киім киюге міндетті. 

"Гашт-э Эршад" деп аталатын әдет-ғұрып полициясы әйелдердің сыртқы келбеті талапқа сай болуын бақылайды. Полицейлер әйелдерді көшеде тоқтатып, киімін және сыртқы келбетіне баға беруге құқылы. Егер заң бұзса, әйелдерге айыппұл салынады немесе түрмеге қамалады, болмаса дүре соғылады.  

Еске салайық, Иранда қатаң діни заңдар мен дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық толқыны басталғанын хабарлаған едік. Ереуіл хиджабты дұрыс кимеді деп ұсталған 22 жастағы ирандық Махса Аминидің қазасынан туындады.

Талқылау