Иран мен Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс орын алды
Иран мен Ауғанстан шекарасында 1 желтоқсанда қарулы қақтығыс орын алды. Оқиға Канг уезі мен Ауғанстанның солтүстігіндегі Нимроз провинциясында болған. Қақтығыс кезінде екі жақ та әскери техникаларды пайдаланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.
Сурет: Gazeta.ru сайтынан
Шабуылды бірінші болып тәліптер бастаған. Алайда өзге ақпарат көздерінде Иран әскерилері Ауғанстанмен шекарада тіркелмеген нысандар орнатты деп көрсеткен. Әзірге екі елдің билігі оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Қарулы қақтығыс жергілікті уақытпен 17:30-да басталған. Басылымның жазуынша, Иран аумағында тұрғызылған контрабандаға қарсы дуал қақтығыстың себебі болған. Өз шекарасында болған Иран шаруалары дуалға мінген. Алайда тәліптер шекараны бұзып өтті деп ойлап, шаруаларға оқ атқан.
Қазір соғыс тоқтап, екі жақ мәселені талқылауда.
Бастапқыда тәліптер Иран шекарасындағы бақылау-тексеру пункттерін басып алды делінген болатын. Бірақ Иран халықаралық журналисі Хаял Муаззин бұл ақпараттың жалған екенін нақтылады. Қазір шекарашылар аумақты толық бақылауына алған.