Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптер қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытты

Мұхтар Тілеуберді тәліптердің қазақстандық вакцинаға қызығушылық білдіргенін айтты. Сонымен қатар Қазақстан мен Ауғанстан арасында саяси келіссөздердің жүріп жатпағанын, тек ауған халқына көмек көрсету мәселесі ғана талқыланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Тәлібтер

Халықаралық мәселелер бойынша арнайы өкіл Мұхтар Тілеуберді бастаған делегация Ауғанстанға өткен апта барған еді. 

"Әзірге 5 000 тонна ұн жіберу жайлы шешім қабылданды. Ұн Ауғанстанға жеткізілді. Бұдан басқа көмек көрсету жайлы сұрақ көтерілмеді. Алайда Ауғанстан билігі қазақстандық вакцина түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады", - деп хабарлады Мұхтар Тілеуберді.

Отандық вакцина жіберілетін жағдайда оның мерзімі мен көлемін үкімет бекітеді. 

Ведомство басшысы Азия мемлекеттеріне көрші елдерге көмек көрсету маңызды екенін айтты. Бұл есірткі трафигін азайтуға, діни экстремизм мен босқындар ағымын тоқтатуға септігін тигізеді дейді. Алайда Ауғанстанның қазіргі билігі Халықаралық одақтастықпен мойындалмаған.  

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде Ресей "Талибан" қозғалысын террористік ұйымдар қатарынан шығару жайлы резолюция қабылдауды ұсынған еді. Ал Мұхтар Тілеуберді бұл ұсынысқа қатысты нақты пікір білдірмеді.
 

Талқылау