Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Интернет Қазақстанның түкпір-түкпіріне жетеді": Beeline бір аптада тұрғындарының саны 11 000 асатын бес ауылда байланыс орнатты

Небәрі бір аптада Beeline Қазақстан 11 259 тұрғыны бар бес ауылда байланыс пен интернет орнатты. Атап айтсақ, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарына қарасты елді мекендерде интернет қолжетімді болды. 

Билайн

Енді ауыл тұрғындары мобильді интернетті қолданып, жақындарымен үнемі байланыста болады. Beeline өңірлерде байланыс орнатуды "250+" жобасы аясында жүзеге асыруда. 

"Еліміздің ең ірі операторларының бірі ретінде біздің миссиямыз - халықты үнемі байланыста болуына жағдай жасау. Мейлі, сіз ірі мегаполисте әлде қала орталығынан 1000 шақырым қашықтықта тұратын болсаңыз да, біз, Beeline ұйымы байланыс пен жылдамдығы жоғары интернет еліміздің әрбір аймағында қолжетімді болуы керек деген ойдамыз.

Балалар мен ересектерде сабақ пен жұмысын қашықтан істеу, интернет арқылы кино көру, жақындарына қоңырау шалу, цифрлық қызметтерді пайдалану мүмкіндігі болуы қажет. Бұл, әсіресе, карантин қатаңдатылып, көптеген қалалар мен өңірлердің тұрғындары үйлерінде қамалып отырған шағында өте өзекті", - дейді Beeline-ның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин. 

БилайнЕвгений Настрадин, СEO Beeline Қазақстан

Айта кетейік, Beeline мобильді байланыс операторы қазан айының ішінде 7 облыста орналасқан 20 ауылда желі орнатты. Қазір бұл елді мекендердің тұрғындарының саны 18 390 адамға жетеді. 

3G/4G желісіне қосылу жоспарындағы қалалар мен ауылдардың тізімін Beeline-ның ресми сайтынан көре аласыздар. 

"250+" жобасының аясында 1000-ға жуық ауылда байланыс орнатылып, 600 мыңға жуық адам интернетпен қамтамасыз етілмек. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Қараша, 2020 12:46
Талқылау