«Интер Майами» жұлдызы Лионель Месси рекорд жаңартты
Фото: Reuters
"Интер Майами" клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси жаңа рекорд орнатып, карьерасында 875 гол соққан алғашқы футболшы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Рекордтық голын аргентиналық жұлдыз MLS чемпионатының тұрақты маусымындағы "Лос-Анджелес Гэлакси" клубына қарсы ойында соқты. Месси бұл нәтижеге тарихта ең жылдам – 1116 матчта қол жеткізді. Сондай-ақ ол мұндай межеге жеткен ең жас ойыншы болды.
Бұған дейін НХЛ-дың "Вашингтон Кэпиталс" клубының капитаны Александр Овечкин Мессиді "футбол құдайы" деп атап, оның доппен жұмыс істеу шеберлігін керемет деп бағалаған еді.
Айта кетейік, "Барселона" сапында Месси он мәрте Испания чемпионы атанып, жеті рет ел Кубогын және төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол каталондық клуб құрамында барлық жарыстарда 778 матч өткізіп, 672 гол соқты. Бұдан бөлек, Месси сегіз мәрте "Алтын доп" иегері атанған.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"