Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инсульттен қайтыс болған ер адам 3 адамның өмірін құтқарып қалды

48 жастағы инсульттен қайтыс болған ер адам 3 қазақстандық азаматтың өмірін құтақарып қалды. Бұл туралы А.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың бауыр трансплантациясы және урология бөлімінің меңгерушісі Равиль Ибрагимов “Қазақпарат” тілшісіне айтты.

Фото: huffingtonpost.com

Дәрігерлердің айтуынша, қайтыс болған ер адамның мүшесін алуға туыстары рұқсат берген.

“Марқұмның ағзасына талдау жүргізілді. Нәтижесінде 2 бүйрек пен жүрек алынды. Бауырын алмадық, себебі бауырында өзгерістер болды. 1 тәулік ішінде кезекте тұрған науқастардаға талдау жасалып, сәйкестігі тексерілді”, -деді Равиль Ибрагимов.

Оның айтуынша, оларға анализ жасалғаннан кейін 5 жыл гемодиализ аппаратына таңылған 48 жастағы ер адамға бүйрек ауыстырылды. Екінші бүйрек 1 жыл гемодиализ аппаратымен жүрген 34 жастағы жігітке салынған.

“Екеуі де 3 аптадан соң ауруханадан шығарылды. Жағдайлары жақсы. Гемодиализ аппаратын пайдаланбайды”, – деді бүйрек трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі.

Ал жүрек Астанадағы пациентке жіберілген.

Тағы оқыңыз: 

Атырауда судьялар сотталушыдан жазасын қысқарту үшін 20 мың доллар мен үй сұраған

Президенттің сынынан кейін шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Астанада үй ауласында ойнап жүрген баланы шапалақпен ұрған зейнеткерді жазалады

Алматыда Назарбаев даңғылындағы тақтайшалардың қашан жаңартылатыны белгілі болды

 

Талқылау