Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда судьялар сотталушыдан жазасын қысқарту үшін 20 мың доллар мен үй сұраған

Судьялардың мәселесін Жоғарғы сот қарап жатыр! Атыраулық азамат жергілікті судьяларға жазасын қысқарту үшін ақша беріп, алданып қалған көрінеді. Нұрбол Өтеновтің айтуынша, Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары қалған жаза мерзімін қысқарту үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде ақша сұрап, одан бөлек үй салып беруді талап еткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Енді қызметінен кету туралы арыз берген олардың мәселесі Жоғарғы сотта қаралып жатыр екен.

Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары Ботакөз Хасенова мен Фатима Аңсариевадан алданып қалдым деген Нұрбол Өтенов 2013 жылы «адам ұрлау» бабымен 7 жылға сотталған. Бірақ кәмелетке толмаған баласын өзі асырап отырғаны ескеріліп, қалған 3 жылы шартты жазаға ауыстырылыпты. Айтуынша, осы мерзімді мүлдем жою үшін өзіне таныс қос судья мұны алдап-соққан. Яғни, Өтенов Ботагөз Хасеноваға талап етілген соманың 7 мың долларын ұстатып, оған туған ауылынан үй салып берген. Бірақ уәде орындалмапты. Бұдан өзге Ботакөз Хасенова үй салған өзбекстандықтарды да алдап соғып, 2 миллион 200 мың теңгесін бермей қойған-мыс. Ал бұл шулы жайтқа байланысты Атырау облыстық соты әзірге жұмған ауыздарын ашпай отыр.

“Хасенова Ботакөз менің қалған мерзімімді ҚР Жоғарғы соты арқылы шешіп берем деп 20 мың доллар сұраған болатын. 4 тамыз күні Астана қаласына бірге ұшып барып екеуіміз 7000 доллар ақшасын берген болатынмын. Ал, қалған ақшасына Исатай ауданы, Манаш ауылынан үй салдыртты. Оған 7 000 доллар ақша кетті, менің сотталғанымды біледі. Маған ештеңе істей алмайсың деп осы күнге дейін айтып келе жатыр”, – дейді Нұрбол Өтенов.

Жіберіп алмаңыз:

Президенттің сынынан кейін шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Астанада үй ауласында ойнап жүрген баланы шапалақпен ұрған зейнеткерді жазалады

Алматыда Назарбаев даңғылындағы тақтайшалардың қашан жаңартылатыны белгілі болды

Қазақстанның жаңа Бас мүфтиі сайланды

Талқылау