Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Назарбаев даңғылындағы тақтайшалардың қашан жаңартылатыны белгілі болды

16 желтоқсанда Алматы қаласындағы Н. Назарбаев даңғылымен қоса, үш көшеде: С.Нұрмағамбетов, Т. Бигельдинов және Р. Бағланова көшелерінің тақтайшалары жаңартылады. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Total.kz

Қалалық маслихат депутаттары Мұрат Әділханов,  Вячеслав Банщиков және Владислав Ли қаланың бірнеше көшесінің тақтайшаларын ауыстыруды ұсынды.

Тәуелсіздік күніне орай Н. Назарбаев даңғылындағы 160 үй мен 33 мекеменің тақтайшалары ауысады.

С. Нұрмағамбетов көшесіндегі 115 тұрғын үй мен 11 мекеменің,Р.Бағланова көшесіндегі 136 үйдің, Т. Бигельдинов көшесіндегі 24 үйдің тақтайшалары жаңартылатын болды.

“Көшелердің тақтайшаларын ауыстыру бірыңғай стандарттарға сәйкес жүргізіледі”, – деді Алматы қаласының  тілдерді дамыту жөніндегі басшысы.

Еске сала кетейік, 30 қарашада Фурманов көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерген еді.

Тағы оқыңыз:

Әлия Назарбаева жаңа қызметтегі алғашқы жиынын өткізді

Ахметов пен Ермегияев ұрлаған ақша қалай қайтарылғаны белгілі болды

Президенттің сынынан кейін шенеуніктер шетел асқан қаржыны қайтаруға кірісті

Жемқор министрлер мен әкімдер елден қанша ақша ұрлағаны анықталды

Талқылау