Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ыңғайы келсе сүйісу керек": Актер Рүстем Жаныаманов ұятсыз эпизодтар жайлы

"Ана жүрегі", "Жаным, ты не поверишь", "Келінжан" кинокартиналары арқылы көрермен көзайымына айналған актер Рүстем Жаныаманов өзі сомдаған ұятсыз эпизодтары жайлы сөз қозғады. 

Бұл туралы актер Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі. 

Рүстем Жаныаманов Кәмшат Жолдыбаеваның әніне түскен бейнебаянда бой көрсетті. Актердің әншімен сүйісетін эпизоды көпшіліктің есінде. Мұндай эпизодтарды сомдау актер үшін қаншалықты қиын?

"Кәмшаттың бейнебаянында онымен сүйісетін кадр болды. Оны режиссер талап етті. Егер ол эпизод сол сәтте керек болып тұрса, ыңғайы келіп тұрса, картинаны ашатын болса, талапты орындау керек. Себебі бұл өнер. Менің әйелім де актриса. Бірақ оның дәл мен секілді сүйіскеніне қарсы болар едім. Себебі еркектік эгоизм басым. Дегенмен егер көпшілікке бүкіл денесін жалаңаш көрсетпейтіндей етіп түсірсе, жалаңаш кадрларға, мен келісімімді берер едім. Себебі бұл тағы да айтамын - өнер", - деді актер. 

Рүстем Жаныаманов көпшілікке жаңа танылып келе жатқан актер. Дегенмен ол өзін актермін деп есептемейді. Оған жағдай жасалмаған деп түсіндірді. Актер болу көп еңбекті талап етеді дейді ол. 


Оқи отырыңыз:

Актер Рүстем Жаныаманов: Әкем алкоголь ішетін еді, мен оны есімді білгелі іздеп келдім


 

Талқылау