Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды 

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан гольф федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы кадрлық ауысулар бойынша инсайдер Ербол Әділов жазады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанның Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Ақпаратты гольф федерациясы растады. Бұған дейін ұйымды Нұртай Абықаев басқарған еді.

Тасмағамбетов әр жылдары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарды. 


"Иманғали өз ақшасына үй алып берді": Несіпбек Айтұлы Тасмағамбетовтың жақсылығы жайлы айтты


1993 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.

2004—2008 жж. 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.

2008 жылы сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы — Астана қала әкімі боп тағайындалды.

2017 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 18 желтоқсаны аралығында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болып, осы қызметінен зейнетке шықты.

Назгүл Әбушәріпқызы
Сәрсенбі, 18 Мамыр, 2022 11:31
Талқылау