Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)
ҚР премьер-министрінің орынбасары, саясаткер Иманғали Тасмағамбетов Астана қаласында өткен республикалық жастар форумында сөз алып, қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады.
Фото: kapital.kz
Иманғали Нұрғалиұлы, қазіргі жастардың ағылшын тілін білуін де міндетті деп санайтынын айтты. Оның айтуынша, өркениет көшіне ілесемін десек, бұл тілді білу өте маңызды.
Ол сондай-ақ, қазіргі қазақ тілінің дамуына қатысты да пікір білдірді. Саясаткер, тіл туралы заң қабылданғанын, үкімет отырыстары мен парламент жиындарының қазір ана тілде өтетінін, үкімет бұл тұрғыда орасан істер атқарып жатқанын баса айтты. ол
Содан соң, мінберде тұрып, қазақ тілі туралы бір шумақ өлеңді де оқып береді. Бейнежазба Асхат Қасенғали есімді Фейсбук қолданушысының парақшасында жарияланған.
Еске сала кетсек, Иманғали Тасмағамбетов жақында мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды.
Оқи отырыңыз:
Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды
Назарбаев Қазақстанда өзінің Билл Гейтсін тауып алды
Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты
Дональд Трамп тәуелсіздік жылдары Қазақстанның ғажап жетістіктерге қол жеткізгенін мәлімдеді