Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев Қазақстанда өзінің Билл Гейтсін тауып алды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастары форумы аясында инновацияшыл жастарды таныстырды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161201143851

Мәселен, солардың бірі – астаналық Сәбит Наукенов – «Gift Sensor» компаниясының негізін салушы. Биыл ол Сингапурде өткен ірі IT-конференцияның жеңімпазы атанды. Оған дейін де Назарбаев университетіндегі стартап байқауында жеңіске жеткен.

«Иә, біздің жобамыз Сингапурде өткен «Echelon Asia Summit 2016» байқауында ең үздік он жобаның қатарына кірді. Біз әлеуметтік желіде, Интернетте кез келген ақпаратты сараптауға қабілетті жасанды ителлект әзірледік. Мәселен, біздің алгаритм адамды әлеуметтік желідегі профайлдары арқылы оның ең жақын досынан да жақсы таниды және оған нақты ұнайтын сыйлықты ұсынады. Шындығына келгенде бұл «вау»-технология», – деді Наукенов.

«Көрдіңіздер ме, Билл Гейтстен қай жері кем? Айтыңыздаршы. Еш қалыс қалып жатқан жоқ. Бізде талантты жастар көп, олардың талпынысы, ойлары бар», – деп мәлімдеді мемлекет басшысы. Бұған дейін елбасы соңғы 5 жылда еліміздегі 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың саны 60%-ға артқандығын мәлімдеген болатын.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев 25 жасар миллионерден сыйлық алды

Президент жастар мен әжелер туралы қалжыңдады

Қайрат Нұртас елбасыға арнап ән айтты

Назарбаев өмірде жетістікке жетудің сырымен бөлісті

Талқылау