Иманбек Зейкенов Forbes тізіміне кірді
Forbes журналының орыс тіліндегі «30-дан 30-ға дейін» жылдық рейтингтің ұзақ тізімін жариялады. Оның құрамына саунд-продюсер, қазақстандық диджей, "Грэмми" иегері Иманбек Зейкенов кірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«30-дан 30-ға дейін» нұсқасында сипаттамасында 30 жасқа дейін кәсіби қоғамдастықта танымал болып, бүкілресейлік немесе тіпті әлемдік деңгейде танымал болғандардың кіре алатындығы айтылды. Ұсынған ұзақ тізімнің ішінен іріктеліп таңдалады.
20 жасар Иманбек «музыка» бөлімінде Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Doraламен бірге бір тізімде тұр.
Еске салайық, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің(Imanbek) америкалық орындаушы SAINt JHN-дің "Roses" әніне жазған ремиксі "Грэмми" алды.
Иманбек "Грэмми" сыйлығына ұсынылған және оны жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Бұл тарихи оқиғаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зор қуанышпен қабылдады.
Айта кетейік, Иманбек Павлодар облысында теміржолшы болған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
