AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илон Масктың ұлы жынысын ауыстырып, әкесінің тегінен бас тартпақ

SpaceX және Tesla-ның негізін қалаушы Илона Масктың ұлы Ксавье аты-жөні мен жынысын ауыстыру туралы сотқа өтініш берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

"Мен енді онымен бірге тұрмаймын және биологиялық әкеммен арада қандай да байланыс қалғанын қаламаймын", – деп мәлімдеді Ксавье Маск.

Жігіт аты-жөнін Вивиан Дженна Уилсон деп ауыстырмақ. Ол Калифорния штаты, Санта-Моника қалалық сотына арыз түсірген. Басылымның хабарлауынша, ол әкесінен алыстау үшін анасының тегін алғысы келеді. 

Айта кетейік, Forbes рейтингі бойынша, Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды. Оның байлығы 219 млрд доллар деп бағалануда. Маск бұл рейтингте алғаш рет  Amazon-ның бас директоры Джефф Безосты басып озып, көш бастап тұр. 



Енді Ксавье бұл қылығынан кейін әкесінің мұрасынан үміттене ала ма, ол жағы белгісіз. Ксавье – Илон Масктың бірінші әйелі, жазушы Джастин Уилсоннан туған ұлы. 18-ге толған жігіттің Гриффин Маск есімді сыңары бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр