Илон Маск Twitter-ді сатып алды
Twitter компаниясы Space X пен Tesla компанияларының негізін салушы Илон Масктың әлеуметтік желіні 44 миллиард теңгеге сатып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Twitter Inc. бүгін Илон Маскқа тиесілі компанияның әлеуметтік желіні сатып алу жөнінде соңғы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Әр акцияны 54,2 долларға алған, келісімшарт құны шамамен 44 миллиард долларға тең", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Twitter мен Илон Маск өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатып алуды талқылау үшін кездескен еді.
4 сәуірде америкалық миллиардер Илон Масктың Twitter компаниясының 9,2 пайыз акциясын сатып алып, ірі акционері атанған болатын.
Кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады
Қазақстанның қай өңірлерінде жаңа жұмыс орындары көп ашылады
Алматы қаласында жаңадан құрылған жұмыс орындарына 19 820 адам қабылданған