Илон Маск миға арналған чипті осымен үшінші адамға салды
Илон Масктың ми интерфейсіне арналған чипі үшінші адамға имплантацияланды. Компания 2025 жылы чипті тағы 20-30 адамға салуды жасауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Адам миына арналған чипті салатын Neuralink компаниясы бұл тәжірибені бұғн дейін екі адамға жасап көрген.
"Қазір бізде Neuralink чипімен имплантацияланған үш адам бар. Олардың барлығы жақсы жұмыс істейді", — деді Маск өзінің Х әлеуметтік платформасында.
Neuralink – паралич және амиотрофиялық бүйірлік склероз сияқты ауруларды емдеуге көмектесетін ми импланттарын дайындайтын өсіп келе жатқан стартап-компаниялардың бірі. Бұл әдетте бас сүйегін ашып, ми тініне электродтарды жіберу арқылы жасалатын эксперименттік процедура.
Өткен жылдың 28 қаңтарында Neuralink алғаш рет адамның миына имплантация жасады.
Кейінірек, 2024 жылдың тамызында Илон Маск екінші адамға Neuralink ми импланты салынғанын хабарлады.
Талқылау