ҚБТУ ғимаратындағы өрт: Құтқарушылар жалынның оқшауланғанын мәлімдеді
Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінде тұтанған өрт оқшауланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, өрт оқшауланған, бірақ толық сөндірілген жоқ.
“Сөндіру жұмыстары төрт жауынгерлік учаскеде жүргізілді. Процесс ғимарат құрылысының ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алмалы ауданының әкімдігі өрт сөндірушілерге ыстық тамақ пен сусын ұйымдастырды.
Оқиға орнына Алматы әкімдігінің өкілдері келді. Олардың қатарында Алматы қаласы әкімінің тиісті мәселеге жетекшілік ететін орынбасары Бейбіт Шаханов, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің басшылары бар.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Қазақ-британ техникалық университетінде өрт шығып, Төле би көшесі жартылай жабылғаны туралы хабарлаған едік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді