Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ильин биылғы су тасқыны кезеңінде негізінен зардап шеккен облыстардағы басты себепті атады

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин еліміздің су тасқынынан көп зардап шеккен еліміздегі үш облыстағы басты себепті атады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік ақпаратына сүйенсек, биылғы жылы республика бойынша температураның күрт көтерілуіне және қардың белсенді еруіне байланысты 350 тұрғын үй су астында қалған. Негізінен Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары өатты зардап шекті.

“Тұрғын үйлерді су басуға әсер ететін негізгі факторлар – арық-нөсер жүйесінің болмауы, нысандарды салу немесе су қорғау аймағында үйлер салу кезінде нормалардың сақталмауы, гидротехникалық құрылыстардың дайындығы, сондай-ақ қарды уақтылы шығармау. Осыған қарамастан, жедел және алдын алу шараларын уақтылы ұйымдастырудың арқасында еліміздің 7 өңірінде, оның ішінде елордада 155 елді мекенді су басуға жол берілмеді”, – дейді министр. 

Сөзінше Астана қаласында коммуналдық қызметтер арық жүйесін уақтылы тазартуды жүргізген. Нәтижесінде 4 миллион текше метр қар шығарылды, Есіл өзенінің бассейнін зерттеу ұйымдастырылды, Ақбұлақ және Сарыбұлақ шағын өзендерін кезең-кезеңімен қайта жаңарту жүргізілуде.

Жалпы халықты су тасқыны қаупінен қорғау үшін биыл Жол картасын іске асыру аяқталуда, министр жергілікті атқарушы органдардың назарын іс-шаралардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуге аударды.

Талқылау