AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІО-ның ардагерлері ізбасарларына үндеу жолдады

Ішкі істер органдарының ардагерлері қаңтар оқиғасына байланысты ізбасарларына үндеу жолдады, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. 

“Полиция қызметін таңдағанда біздер тек мамандықты ғана емес, сонымен қатар өмірін халыққа қызмет етуге арнаған ІІО-ның қызметкерлерінің қауіпті тағдырын да таңдадық. Біз бәріміз бір рет және мәңгілікке қызметтің қиындықтарына шыдамдылық танытуға, сөзбен, іспен, біліммен және дағдылармен, саналы сенімдермен әр азаматқа көмектесуге ант бердік. Біз барлығымыз еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған қаңтар оқиғаларының да куәсі болдық. Біздің құқық қорғау органдары бұрын-соңды мұндай сойқан салғыш содырлармен және әртүрлі бандалық құрылымдармен бетпе-бет келген емес. Соған қарамастан, полицейлер негізінен өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен орындады. Сіздер соққыны бірінші болып қабылдадыңыздар, сіздер қызметтегі әріптестеріңізден айырылдыңыздар, жарақат алдыңыздар, осыған қарамастан біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтеріңізді атқаруды жалғастырдыңыздар. Біз, ішкі істер органдарының ардагерлері, антқа адал болып, өздерінің кәсіби міндеттерін шынайы түсінген полицейлерді мақтан тұтамыз. Сіздер – біздің лайықты ізбасарларымызсыздар! Қазір біздің ортақ ынтымақтастығымыз, шыдамдылығымыз бен табандылығымыз маңызды. Өкінішке орай, қазіргі уақытта жеке құрамның моральдік-психологиялық жай-күйіне теріс әсер ететін, құқықтық тәртіп органдарының беделін түсіретін, полицияға теріс баға беру өріс алғаны байқалады. Қаңтар қасіреті кезінде тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілер ғана емес, сонымен қатар қарапайым азаматтар да қайтыс болды. Жақындарынан айырылған көптеген отбасылар қайғы жамылды. Біз олардың қайғысына ортақпыз. Осындай қиын да, күрделі уақытта полиция мен халық бір болулары керек. Тек осылай ғана біз қасіретті оқиғалардан сабақ аламыз, жинақталып қалған мәселелерді бірге еңсереміз және алдыға бірге қадам басамыз. Бірігіп, біртұтас халық ретінде ғана біз келешекте осындай оқиғаларға жол бермейміз! Бүгінде біздің азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен қорғалуын күшейту үшін, барлық ықтимал қауіп-қатерлерге қарсы жедел іс-қимылды қамтамасыз етуде Ішкі істер министрлігімен полицияны реформалау жұмысы жалғасуда. Яғни, жаңадан арнайы және талдау бөліністері құрылуда, материалдық-техникалық жабдықтау нығайтылуда, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау артуда, басқа да мемлекеттердің тәжірибесі зерделенуде, мамандарды кәсіби даярлау жаңғыртылуда. Біз, ардагерлер, іздерге сенеміз және одан әрі қарай да жас қызметкерлердің кәсіби тұрғыдан қалыптасуына көмек көрсетуге дайынбыз. Полиция әрқашанда еліміздің азаматтарының мүдделерін қорғауға бағытталған ережелерді сақтай отырып, өздерінің қызметтік міндеттерін абыроймен атқарады деп ойлаймыз”, – деді ІІО ардагерлері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр