Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ қазақстандықтарды «синий кит» ойынының құрбандары жайлы әңгімелерге сенбеуге шақырды

ІІМ қазақстандықтарды желі арқылы тараған ойынның құрбандары жайлы әңгімелерге сенбеуге шақырды.

124

«Соңғы кездері WhatsApp мессенджері арқылы аудиожазбалар. Скрин суреттер мен құрбан болғандардың саны көптеп таралуда. Азаматтарды мұндай ақпараттарға сенбеуге шақырам. Тек ресми мәліметтерге жүгінсеңіздер екен. елімізде ғаламтор арқылы өзіне қол салу оқиғасы тіркелген жоқ», – деп жазады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл мен ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев Facebook желісінде.

ІІМ өкілі жалған ақпарат таратқандардың  қылмыстық жуапкершілікке тартылатынын атап өтті.

Бұған дейін Жамбылда екі мектеп оқушысы қауіпті «Синий кит» ойынының құрбаны бола жаздағанын хабарлаған едік. Ақтаулық оқушының да өлімге апарар ойынның тапсырмасымен қолын кескілеп тастағаны хабарланды. Жеткіншек мұндай қадамға қызығушылық тарапынан барғанын айтқан.

Суицидке итермелейтін «Синий кит» ойынынан соң ІІМ ғаламторда бақылауды күшейтті.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Қостанай облысында ауыл тұрғыны шкафынан соғыс гранатасын тауып алды

Астанада ер адам бойжеткенді зорлап өлтірді

Талқылау