Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІМ: 6 шілдеде өткен митингілерде 100-ден аса адам ұсталды

6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен заңсыз митингілерде полиция 100-ден аса адамды ұстады. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысының кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Министр: 6 шілдеде өткен митингілерде 100-ден аса адам ұсталды

Министрдің сөзінше, ұсталғандардың 44-і әкімшілік жауаптылыққа тартылған. 

«6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткізгені үшін 100-ден аса адам ұсталды. Олардың 44-і әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 19-ы әкімшілік қамауға тартылып, 23-іне айыппұл салынып, қалғандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үйлеріне жіберілді», - дейді Тұрғымбаев. 

Еске сала кетсек, 6 шілдеде елордада және Алматыда заңсыз митингілер өткен еді.

Талқылау