Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иә, мен ұйғырмын: “Ринго” әншісі ештеңеге қарамастан қазақ тілінде сөйлеуге шақырды (видео)

“Ринго” тобының әншісі Әділжан Омаров Қазақстанда тұрып жатқан әр азаматты қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Өзінің ұйғыр ұлтынан екенін мойындаған ол мемлекеттік тілде сөйлеу азаматтық борышы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Иә, мен ұйғырмын, бірақ мен Қазақстанның азаматымын. Мен осы жерде тудым, осы жерде өстім, білім алдым, жұмыс істеп жатырмын. Бұл – менің үйім. Сол үшін мен қазақша сөйлеуім керек, білуім керек. Сендер де қазақша сөйлеңдер. Мейлі, акцентпен болсын, нашар болсын. Ең бастысы, ақырындап сөйлей беріңдерші. Сосын мен сияқты үйренесіңдер”, – деп бөлісті Әділжан.

Ал сіздер қазақша сөйлей аласыздарма?😊👆🏻⬆️⬆️⬆️

Публикация от AdilJan (@adylzhanumarov)

Әншінің бастамасын  қолдай кеткендердің қатарында отандық продюсер Тимур Балымбетов те бар. Әділжанның бастамасынан шабыттанып кеткен ол желіде “Сөйле, айналайын” атты эстафета бастады. Балымбетов шоу-бизнестегі Баян Есентаева, Алуа Қонарова, Эрик Тәстембеков, Бағым Мұхитденова сынды әріптестерін өзін қолдауға шақырды.

 

Жіберіп алмаңыз:

51 жастағы Бекболат Тілеухан ұлды болды

Гүлзира Айдарбекова алғаш рет немересін көрсетті

Алматыда Асылхан Төлеповтің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

Асылхан Төлепов өзінің той күнінде жетім балаларға дастархан жайды

Талқылау