Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“И-пызява” ертегісімен аты шыққан орыс тілі оқулығының авторлары қалай ақталды

“И-пызява” ертегісі филологиялық көрегенділікті үйретіп, шетел тілдерін оқуға көмектеседі, деп санайды сарапшылар.

1504393586150561762

Орыс тілі оқулығының авторлары өздерін қорғап ақталды. “Мектеп” басылымы бас директоры Ерлан Сатыбалдиевтың пікірінше, кітап оқушылардың филологиялық көрегенділікті оятуға көмектеседі, деп жазады Sputnik. 

“Бұл жаттығулар баланың тіл қызметін түсінуі үшін қажет. Мәтінде түбір, жалғау мен жұрнақ бар, шылаулар да кездеседі. Нақты мағынасын білмей, құрамын анықтаймыз. Бұл жаттығу филологиялық көрегенділікке үйретеді”, — деді Ерлан Сатыбалдиев елордадағы баспасөз мәслихатында.

Жыл басында жетінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығының құрамы ата-аналар тарапынан қатал сынға алынған еді. Оның ішінде Людмила Петрушевскаяның лингвистикалық ертегісі көпшілікке жақпаған болатын. Ерлан Сатыбалдиевтың айтуынша, бұл ертегіні талдау барысында қалыптасатын дағды шетел тілдерін үйренуге көмектеседі.

Тағы да оқыңыз:

Ит әкеден қорқады, әкесі анасынан қорқады: Ата-аналар жаңа оқулықтың мазмұнына наразы

Қазақстанда мектеп бағдарламасына әлемдік діндер туралы жаңа оқулық енгізіледі

Білім министрлігі “лайкать”, “пиарить” сөздері жазылған мектеп оқулығының сапалы екенін айтты

Талқылау