Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ит әкеден қорқады, әкесі анасынан қорқады: Ата-аналар жаңа оқулықтың мазмұнына наразы

Оқулықтан олқылық шықты. Алматыдағы ата-аналар жаңа оқулықтың мазмұнына риза емес. Кітаптағы қателіктер оқуышыны білімсіз етіп шығарады дейді олар. Тіпті, оны балаларды қойып біздің өзіміз әрен түсінеміз дегенді айтады.

906512

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Оқушылар былтырғы өткен тақырыптарды еске түсірейік деп кітапты ашса, ішіндегі тапсырмалары мүлде басқа болып шыққан. Сырты орыс тілі оқулығы, ал ішінде тілге қатысты тақырыптар жоқ дейді ата-аналар.

«Бірінші бетінен-ақ бұл кітаптың не үшін шығарылғанын түсінбедік. Ішінде климат және оның өзгеруі деген тақырып тұр. Оның орыс тілі сабағына не қатысы бар? Мұнда грамматика, орфография, сөйлемнің құрылымы сынды тақырыптар болу керек еді ғой. Олардың бірі жоқ. Енді біз баланы қалай оқытамыз»,- деді Қала тұрғыны, Ирина Завгородняя.

Жетінші сыныптың оқулығында шынымен де ойға сыймайтын тапсырмалар бар екен. Соның бірі – «өмірді бақылау» жаттығуы. Онда былай делінген: тарақан тышқаннан қорқады, тышқан мысықтан, мысық иттен, ит әкеден қорқады, ал әкесі анасынан қорқады, анасы тарақаннан қорқады екен. Ата-аналар, орыс тілі сабағына бұл тапсырманың қандай қатысы бар дейді? Сонымен қатар, оның оқушыларға берер тәрбиесі жоқ екенін айтады.

Бұл оқулықта ережесі соңында жазылады. Алдымен жаттығу, одан кейін ереже. Айтып тұрмын ғой, мұндағы тапсырмалардың барлығы дұрыс құрастырылмаған. Мысалы, мынадай жаттығу бар: “Саша Васяның бетінен шапалақпен 9 рет ұрды. Вася Сашадан өшін алу үшін қанша рет ұру керек?”. Шыны керек, мынаны көргенде төбе шашым тік тұрды»,- деді Қала тұрғыны, Ирина Завгордняя.

Ата-аналар мұндай жаңашылдықтың керегі жоқ дейді. Оданда, бұрынғы бағдарламамыз түсінікті еді деп отыр. Ал, «оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының мамандары бұл тәжірибенің шетелден алынғанын айтады.

«Бұл оқулықтардың мәні мағынасы неде десеңіздер. Бұл оқулықтар қазір грамматиканы емес, керісінше өздігінен ізденіп, текст арқылы өз ойын жеткізу, яғни жаңағы сыни тұрғыдан ойлану баланың. Соған қалыптастыруымыз керек»,- деді «ОҚУЛЫҚ» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры, Бейбіткүл Кәрімова.

Биыл 2, 5, 7-сыныптардың оқулықтары жаңарған. Ғылыми-практикалық орталығы мамандары 2020 жылға дейін толық орта білім жүйесін жаңа мазмұнға ауыстырмақ.

Тағы да оқыңыз:

Әсет Исекешевтің қазақшасын жұрт Сайлаубектің рэпіне теңеді (видео)

Қазақстандық жұлдыздар Мьянмада қырылған мұсылмандарға қайғырып, көңіл айтты

Торғайлық кәсіпкер ауылда тапшы мамандықтарды оқытатын колледж ашып берді

Талқылау