Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ұнамсыз әрекетінен кейін жұмысты тоқтаттым": Айсәуле Бақытбек қыз зорлағаны үшін сотталған фотографқа қатысты пікір білдірді

22 жастағы Элина есімді аруды зорлады деп айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған фотограф туралы Айсәуле Бақытбек пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

KazFem-нің мәлімдеуінше, сотталушы Азамат Кенжеғұлов Elle Kazakhstan, Esquire, Harper’s bazaar сынды танымал басылымдармен жұмыс істеген. Сонымен қатар әлеуметтік желіде Айсәуле Бақытбек те фотографпен жұмыс істегенін айтты. 

“Зорлаған адам жазасын алып, отыруы керек. Элинаның командасын жеңісімен құттықтаймын! Азаматпен осы жағдай болмастан бұрын жұмыс істеген едім. Соңғы түсірілімнен кейін, әріқарай бірге жұмыс істемеуге шешім қабылдадым. Ішімнен оның ұнамсыз әрекеттерін байқадым. Сондықтан да қыздар, өздеріңізді тыңдаңыздар! Секем алып қалсаңыз, дереу тоқтатыңыздар! Сұмдық жаңалықтан кейін, мына адаммен қалай жұмыс істегенмін деп ойлап отырмын. Өздеріңізді қорғаңыздар! Зорлыққа шыдамаңыздар!”, – деп жазды блогер. 



Еске салсақ, бұған дейін алматылық ару барда жолыққан бұрынғы танысын зорлады деп айыптағаны айтылды. Ол әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып шағымданды. 

Фото: https://www.instagram.com/aissaulebakytbek/

Айта кетейік, Азамат Кенжеғұлов 22 жастағы қызға коктейль ұсынып, оның ессіз болғанын пайдаланып, үйіне әкелген. Ол Элинаны зорлағаны үшін 5 жылға сотталғаны хабарланды.

Талқылау