Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Tele2/ALTEL қызметкерлері су тасқыны кезінде халықты байланыссыз қалдырмады

Қазақстанның көптеген аймақтарында болған су тасқынымен күрес кезінде байланыста болудың маңыздылығы тағы да дәлелдене түсті. Әсіресе төтенше жағдай режимінде жылдам хат-хабарға қажеттілік өсті. Осындай қиын күндерде Tele2/Altel қызметкерлері тынбай жұмыс істеп, халықты байланыссыз қалдырмады.

Сын-қатерлер төнеген кезде Tele2/Altel инженерлерінің қандай жағдайда да жылдам әрекет етуі көпке үлгі болды.

Бүкіл ел бойынша жұмыс істеген аймақтық желіні пайдалану және кешенді техникалық қызмет көрсету бөлімдерінің мобильді топтары күрделі жағдайға қарамастан, су басқан аймақтардағы базалық станцияларды қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Олар байланыс пен интернетпен халықты тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдармен және ТЖД қызметтерімен бірлесіп, арнайы техникамен су шайып кеткен станцияларға қатынады.

Мәселен Қостанай облысында Мұрат Баяхметовтың өңірлік басшылығымен әрекет еткен аға инженер Владимир Гриценко ең күрделі жұмыстарда нағыз батырлық пен батылдық танытты. Солтүстік Қазақстан облысында Сергей Лузиннің басшылығымен Tele2/Altel мобильдік бригадасы тәулік бойы төтенше жағдайлардың салдарын жоюмен және базалық станция жұмысын қалпына келтірумен шұғылданды. Ал Петропавлда қазір су басқан Подгора шағын ауданына тұрғындар мен қызметтер үшін арнайы мобильді базалық станция жедел жеткізіліп, интернет, байланыспен қамтамасыз етілді.

Батыс Қазақстан облысында саяжайлар мен Атырау облысында Құлсары қаласын су басқандықтан бұл өңірлерде күрделі жағдай әлі де сақталуда. Бұл аймақтарда Сергей Васильев пен Талғат Берімбаевтың басшылығымен жедел әрекет ету тобы сервистерді уақтылы қалпына келтіруге жауапты. Үлкен құрметке лайық аталған мамандардың барлығы орасан зор жұмыстар атқаруда.

Еліміз бойынша су тасқыны жағдайы күрделі. Соған байланысты оператордың техникалық мамандары мен мобильді командалары өз жұмысын жоғары дайындықпен жалғастыруда. Көптеген су басқан елді мекендерде оларға жергілікті еріктілер көмектесіп жатыр. Себебі олар осындай қиын кезеңдерде үздіксіз байланыстың болуы маңызды екенін түсінеді. Жабдықтың жұмыс қабілеттілігі мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көмектескен барлық адам туралы айту әрине мүмкін емес. Алайда бұл табиғи апат қандай жағдайда да қол ұшын созып, көмекке келуге дайын болу кереке екенімізді түсіндірді.

Талқылау