Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыруда қарызы болған: Нұр-Сұлтандық дәрігерлер жатырында баласы шетінеп кеткен әйелге ота жасамай қойған

Нұр-Cұлтанда жатырындағы баласынан айырылған әйелге дәрігерлер ота жасамай қойған. Бұған себеп - тұрғынның медициналық сақтандырудағы проблемалары. Оқиға жайлы елордалық денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апта бойынша жүктілік күнтізбесі: жүктілік қалай өтеді

"Басыма қайғы түсті. Көптен қалаған балам тумай жатып шетінеді. Кеше өзімді нашар сезіндім және жедел жәрдем шақырдым. Мені Нұр-Сұлтанның екінші қалалық ауруханасына жатқызды. Онда жарты сағат бойы гинекологты күттім, мен ашуланғаннан кейін ғана медбике маған ультрадыбыстық зерттеуге жолдама жазып, қайтадан кетіп қалды. Мұның бәрі өте ұзақ және баяу болды... Мені 20.00-де әкелді. Нәтижесінде мен тек 22.00-де, ультрадыбыстық зерттеуден кейін гинекологқа бардым. Ол баланың жүрегі тоқтағанын айтты.

Ол операцияға жіберетінін айтты. Мен құжаттарды толтырып жатқанда, менің медициналық сақтандыру бойынша қарызым бар екені белгілі болды", - деп жазды Facebook-те әйел.

Дегенмен қала тұрғыны жуырда ғана ешқандай қарыз болмағанын, сайтта да салық берешегі жоқ екенін айтты.

"Соңында олар төлеп, қайтып келіңіз деді.... Шынымен бе? Біз өмір туралы айтып отырмыз.  Конституцияда адамның өмірі мен денсаулығы ең жоғары құндылық деп жазылған! Біз бұл жай ғана әдемі сөздер және мемлекетіміз - қисық айналар патшалығы екеніне тағы да көз жеткізуіміз керек пе?"- деді ашынған әйел.



Nur.kz порталының жазуынша, елордалық денсаулық сақтау басқармасы науқас 21 ақпанда сағат 20.11-де "жедел жәрдем" № 2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін мәлімдеген. Қабылдау бөлімшесінде оны кезекші гинеколог-дәрігер қарап шыққан және шұғыл түрде кіші жамбас органдарының УДЗ жүргізілді.

"Кіші жамбас ағзаларын тексеру және УДЗ деректері бойынша жүктіліктің 6-7 аптасы белгіленген, ұрық қатып қалған. Пациентке жоспарлы тәртіппен күндізгі стационар жағдайында кейінге қалдырылған операциялық емдеу қажет, бұл сақтандыру мәртебесін талап етеді. Бұл тәртіп ҚР денсаулық сақтау министрлігінің "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" бұйрығында жазылған. Науқас мәртебесін тіркелген жері бойынша емханада алуға болады. Өтініш берушінің өміріне қауіп төндіретін жағдайы жоқ екенін ескере отырып, тексеру және зерттеу екі сағат ішінде жүргізілді, бұл диагностика мен емдеу хаттамаларына сәйкес келеді", - деді ведомствода.

Талқылау