Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтаудағы кен орнында болған апатқа кінәлі анықталды

Ақтөбе облысындағы мыс шахтасындағы апатқа байланысты үш апта бойы тексеру жүргізген комиссия мүшелері көз жұмған төрт кеншінің өліміне жұмыс берушіні кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.  

шахтер

Айта кетейік, шахта жұмысшылар улы газға тұншықандықтан көз жұмғаны айтылған еді. Тексеріс нәтижелеріне сүйенсек, сол күні шахтадағы желдеткішті іске қоспай, басшылары салғырттық танытыпты. Бұған қоса, кеншілердің жер астындағы еңбек қауіпсіздігі де сақталмаған. Егер талаптар орындалғанда, қайғылы жағдайдың алдын алуға болатын еді, дейді комиссия мүшелері. Осыған байланысты кен орнының бас инженері жауапқа тартылмақ.



"Үлкен желдету желдеткіші тұр. Солар таза ауа алып, жарылыстан соң ауаны тартып алу керек. Сол күні 18:50-де мекеменің бас инженері Сафин желдеткішті тоқтатуға бұйрық береді. Олар бұрынғыдай жұмысын істеп болғаннан кейін шығатын уақытта, жарылыстан соң сырттағылармен байланысқа шықпай қалады", - деді Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы Саламат Аманбаев.

Талқылау